Түркістан облысында бірнеше ауылда сел жүрді (видео)

02.10.2026 07:40 · Человек и Закон

Түркістан облысында бірнеше ауылда сел жүрді (видео)

Түркістан облысы Қазығұрт ауданындағы бірнеше ауылды нөсерден кейін су басты. Жағдайға қатысты аудандық әкімдік өкілдері пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазығұрт ауданы әкімдігінің мәліметінше, 1 қазанда нөсер жаңбыр салдарынан бірнеше ауылда сел жүрген.

Төтенше жағдай тіркелген сәттен бастап жергілікті атқарушы органдар, төтенше жағдайлар қызметінің мамандары және тиісті сала өкілдері жедел түрде әрекет етіп, оқиға орындарында тиісті жұмыстарды ұйымдастырған.

Қазіргі уақытта нөсер жауын жауған аумақтарда оның салдарын жою, лай-батпақтан тазарту, су басқан жерлерді ретке келтіру және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында кешенді жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Аталған жұмыстарға 12 арнайы техника мен 200-ден астам адам жұмылдырылған. Мамандар күшейтілген режимде жұмыс істеп, бүлінген аумақтарда тазарту және қалпына келтіру шараларын кезең-кезеңімен жүзеге асыруда.

"Алдын ала мәлімет бойынша, адам шығыны мен тұрғын үйлердің қирау жағдайлары тіркелген жоқ", – делінген хабарламада.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Қазығұрт | Исатай (@kazygurt.kz)

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз

Источник: Nur.kz · Гүлмира Ерубаева