Ұлытау облысында жеке үй аумағында 100 бума шөп өртенді, деп хабарлайды ТЖМ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ұлытау облысы бойынша "112" пультіне Сәтбаев қаласындағы Степная көшесінде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен.
ТЖМ бөлімшелері оқиға орнына жеткен кезде "Горняк" саяжай алқабындағы жеке тұрғын үй аумағында 100 бума шөптің жанып жатқаны анықталған.
"ТЖМ қызметкерлері жедел түрде өртті сөндіруге кірісті. Өрт толық сөндірілді. Өртті сөндіруге "Серіктес" ЖШС қызметкерлері мен жергілікті атқарушы органның өкілдері де қатысты", – делінген хабарламада.
Зардап шеккендер жоқ.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі (@112kz_)
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Источник: Nur.kz · Гүлмира Ерубаева
