Қазақстанда күн суытады

Обзоры

Қазақстанда ауа температурасы төмендейді деп күтілуде, дейді мамандар.

Метеорологтардың атап өтуінше, кең ауқымды антициклон республиканың басым бөлігінде өз әсерін сақтай отырып, ауа райының жауын-шашынсыз болуына әкеліп соғатынына қарамастан, солтүстіктің салқын ағындары оны қоректендіре бастайды.

"Нәтижесінде ауа температурасының төмендеуі күтілуде"."Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі

Тек республиканың шығысы мен оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен жаңбыр жауады, мамандардың болжауынша, түнде қарға айналуы мүмкін.

Бұған дейін Қазақстанның 13 облысында 11 қыркүйекте дауылды ескерту жарияланғаны хабарланған болатын.

Сурет: unsplash